Қазақстанға мемлекеттік сапармен келе жатқан Рим Папасы Францисктің әуе борты елорда әуежайына қонды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қадірлі қонақты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алады.