Кеш жазушының тағдыры мен шығармашылығына арналмақ
Алматыда белгілі қазақстандық прозашы, публицист, аудармашы Герольд Бельгердің тағдыры мен шығармашылығына арналған еске алу кеші өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кеш 2022 жылғы 31 қазанда сағат 14.30-да республикалық Достық үйінде болады. Іс-шараға Герольд Бельгердің достары мен жақындары, серіктері мен шәкірттері, дипломатия өкілдері, ҚХА мүшелері мен құрылымының өкілдері, зиялы қауым мен қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, ЖОО студенттері мен БАҚ тілшілері және «Возрождение» Алматы немістер этно-мәдени қоғамының, «Wiedergeburt» немістер кеңесінің өкілдері қатысады деп күтіліп отыр.