|
23.05.2019 | 19:01
4222

Мердігерлер Алматыдағы «Южный» саябағын екі айда жөндеп бітіруге уәде берді

Саябақ 20-25 шілдеде толық аяқталуға тиіс

Мердігерлер Алматыдағы «Южный» саябағын екі айда жөндеп бітіруге уәде берді

Егерде межелі уақытта аяқтамаса, қала билігі құқық қорғау орындарына жүгінбек. Жұмыс барысымен әкімдік комиссиясы мен тұрғындар танысқан болатын, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Саябақтағы тас жол төселгеніне жыл толмай жатып, жарыла бастады. Тақтайшалар мүжіліп, сау ағаштар қурап жатыр. Жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқан «Южный» саябағының қазіргі кейпі осындай. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мердігер компания келісім шартта көрсетілген шамдарды, спорттық және балалар алаңын арзан түріне шіміркпестен ауыстыра салған.

Мұндағы жөндеу жұмыстары былтырғы қарашада аяқталуға тиіс болатын. Алайда Алматы әкімдігі жауапты компанияға 30 мамырға дейін уақыт берді. Бірақ құрылысшылар бұл уақытқа да үлгермейтін сыңайлы. Тұрғындардың базынасын тыңдаған қала әкімінің орынбасары Марат Сембеков шала істелген жұмысты 2 айда бітіру керектігін баса айтты.

«Сөз бересіңдер ғой? Егер екі ай ішінде аяқтамасаңдар, онда сапасыз жұмыс атқарылғаны үшін айыппұл төлетуге шешім шығаруға мәжбүрмін. Біз сіздердің компанияны нашар жұмыс істейтін мердігер ретінде құжаттарды қаржылай бақылау комитетінің бақылауына жолдаймыз», – деді қала әкімінің орынбасары Марат Сембеков.

Енді аталған мерзім ішінде әкімдік өкілдері бұл жерге жиі бас сұғатын болды. Мердігер тіпті, белсенді топ таңдаған қондырғыларды орнатуға уәдет етті. Белсенді топ - жергілікті тұрғындардан құралған.

«Құрылыс жұмыстарын бастадық. Қала әкімінің алдындағы уәдемізді орындап, барлық жұмыстарды шілде айының соңында бітіреміз. Шамамен 20-25 шілдеде толық аяқталады», – деді «Ақназар» ЖШС директорының орынбасары Ерлан ЖҰМЫСБАЕВ.

«Саябағымыздағы жұмыстар мерзімінде аяқталып, ең бастысы сапалы жасалады деп үміттенеміз», – деді «Южный» саябағы құрылысы бойынша белсенді топ мүшесі Татьяна ИСАБЕКОВА.

Азамат Әуезхан, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир