Сағынтаев: Жазушылар қауымдастығына қолдау көрсетуді күшейтетін боламыз

Сағынтаев: Жазушылар қауымдастығына қолдау көрсетуді күшейтетін боламыз
Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 6 тілге аударылған қазақ әдебиеті жинағын таныстыру рәсімі барысында хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жинақтар «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында шығарылды, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі болып табылады. Жобаның басты мақсаты - тәуелсіздік жылдары отандық әдебиет, музыка мен бейнелеу өнері, хореография, кино мен театр салаларында қолжеткен жетістіктерді әлемге таныту, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алқалы шараға шығармалары антологияға енген авторлар, олардың аудармашылары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты.

Жазушылар қауымдастығын антологияның шығуымен құттықтаған Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл игілікті істің отандық әдебиетті дамытуда жаңа қадам болатынын және ақындар мен жазушылардың жас буынына оң ықпал ететінін атап өтті.

Ол өткен жылы Қазақстан Жазушылар одағының 85 жылдық мерейтойына қолдау білдіргенін, сонымен қатар Одақтың ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлгенін және гранттық қолдау көрсеткенін еске салды. 150 ақын мен жазушылар 500 мыңнан гранттар алды.

«Ағымдағы жылы Қазақстан Жазушылар одағының ұсынуы бойынша біз Алматыда тұратын барлық 360 ақын мен жазушыға гранттар бөлуді ниет етудеміз», - деп хабарлады Бақытжан Сағынтаев.

Ол мұндай қолдаудың қазақ әдебиетінің мэтрлері мен жазуды жаңадан бастаған жастардың шығармашылық әлеуеттерін дамытуда қосымша ынталандыру болып табылатынын атап өтті.

Б. Сағынтаев өзінің сөзінде алғаш рет іске асқан аудармашылық жобаның отандық әдебиетті дамытудағы тағы бір ізгі қадам екенін айтты.

60 автордың үздік жұмыстары енген антология 5 континенттегі әлемнің 93 елінің барлық ірі кітапханаларына, университеттеріне және зерттеу орталықтарына таратылды.

«Заманауи қазақ прозасы антологиясының» ағылшындық нұсқасын Кембридж университетінің баспасы, араб тіліндегі жинақтарды Египеттің мәдениет және ғылым жөніндегі Ұлттық орталығы әзірледі, Сервантес Инсттитутының қатысуымен испан тіліндегі нұсқа жарық көрді, орыс тілінде антологияны М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Баспа үйі, қытай тілінде Пекиндегі Ұлт баспасы, француз тілінде Париждің мәдени қауымдастығы шығарды.

Көрсетілген ұйымдастырушы-серіктестермен бірге жинақтарды аударуға және шығаруға 300-ге жуық маман тартылды.

Әр антологияның тиражы 10 000 дананы құрайды. Жалпы алғанда 120 000 дана жинақ бүкіл әлем бойынша 23 000-нан астам ірі кітапханаларға, оқу орындары мен зерттеу орталықтарына жеткізілді. Ағылшын тіліндегі жинақ 18 ағылшын тілді елге, араб тіліндегі нұсқасы Таяу Шығыс пен Африканың 22 еліне, испан тіліндегісі Испанияға және Латын Америкасының 20 еліне, қытай тіліндегісі 1,5 миллиард адам тұратын ҚХР барлық өңірлеріне, орыс тіліндегі жинақтар 14 елге, француз тіліндегі шығарылым Еуропаның 17 елі мен Африкаға таратылды.

Бұдан өзге, қазақ тіліндегі жинақтар ірі кітапханалық қорлар мен құнды кітаптарды қамтитын халықаралық библиографиялық WorldCat жүйесіне енді.

Новости партнеров