Алматыда Әбсаттар қажы Дербісәлінің кітабы жарық көрді

18.05.2023 22:28

Бұл – студенттер, ғылыми жұмыспен айналысатын ұстаздар үшін әдістемелік құрал

Almaty.tv

Алматыда академик, шығыстанушы, әдебиет зерттеушісі Әбсаттар қажы Дербісәлінің 2 кітабы жарық көрді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шәкірттері оның жазып қалдырған қолжазбаларын жинақтап шығарған. Бірінші кітапта Тараз қаласының X ғасырлық тарихы баяндалады. Онда араб, парсы, тілінде жазған 70-ке жуық ойшыл ғұламаның өмірі мен шығармашылығы түгел зерттелген. Бұл  студенттер, ғылыми жұмыспен айналысатын ұстаздар үшін әдістемелік құрал. Ал орыс тілінде жарық көрген екінші туындыда Орталық Азия халықтарының этнографиясы, өмір сүру салты мен мәдениеті жазылған.

– Әбсаттар ағаны ғылыми орта жақсы біледі. Себебі ол кісі Қазақстанда шығыстану ғылымының негізін қалаған. Осы деректер жайында 2 кітаптың тұсауы кесіліп отыр. Келешекте біздің жас мамандар осы кітаптарды негізгі дерек ретінде пайдаланып, зерттеу жұмысын жүргізуге септігін тигізеді деген үміттемін, – деді филология ғылымдарының докторы, профессор Ислам Жеменей.