Алматыда азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қанша қаражат жұмсалатыны айтылды

20.06.2022 22:28

Бұл қаражат қант, нан, ет, көкөніс пен сүт өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді

Фото: ашық дереккөзден

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қанша қаражат жұмсалатыны айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.


«Азық-түлік нарығындағы қалыптасатын жағдайды және бағаның өсуін ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында бұрын бөлінген 11 млрд теңгеге қосымша 4 млрд теңге көзделген. Бұл қаражат қант, нан, ет, көкөніс пен сүт өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді», - деді қала әкімі мәслихат отырысында.