|
09.06.2019 | 18:17
11227

Алматыда студенттер бірнеше рет дауыс берді деген ақпарат жалған – Жанна Асанова

Алматыда студенттер бірнеше рет дауыс берді деген ақпарат жалған – Жанна Асанова

Алматыда дауыс беріп шыққан студенттер жатақханаға барып, киімдерін ауыстырып, сайлауға қайта қатысты деген мәлімет шындыққа жанаспайды. Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова осылай деді.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде пайда болған мұндай пікірлер негізсіз. Кезектен тыс Президент сайлауы барынша ашық әрі әділ өтіп жатыр дейді ол. Жағдай қатаң бақылауда.

«Ондай деректер болған жоқ. Шағым түскен жоқ. Қарапайым азаматтар әлеуметтік желіде осылай жазды екен деп халықты адастыруға болмайды», - дейді Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова.

Сонымен қатар, Ж.Асанова «студенттерді түске дейін дауыс беруге мәжбүрледі» деген ақпаратты да жоққа шығарды. Оның айтуынша, әр студент өз таңдауын жасағаннан кейін сайлау учаскесіне қайта бармаған. Сондықтан, заң бұзушылықтар тіркелген жоқ дейді Жанна Асанова.

Айта кету керек, саяси науқан барысын «Аманат» азаматтық платформасының бақылаушылары қадағалап отыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир