Елбасы үндеуіне қатысты қалалық «Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев пікір білдірді
«Елдіктің жеті тұғыры». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев күні кеше Nur Otan партиясының Саяси кеңесі отырысында осындай қағидаттар жиынтығын ұсынды. Тұңғыш Президент отыз жылда жеткен жетістіктерді сөз етті. Экономикалық қуатты, бірлігі берік елге айналдық деді. Енді осы жетістіктерді қадірлеп, қорғау – келер ұрпақтың еншісінде екені айтылды. Елбасының осы үндеуіне байланысты қалалық «Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев мырзаны Almaty.tv студиясына шақырған едік.
Жастар бұл үндеуді қалай қабылдап жатыр? Олардың осы қағидаттарды бойына сіңіріп өсуі үшін қандай қадамдар қажет? Мейіржан Батырбекұлы осы сауалдар жайлы пікір білдіріп, Елбасы айтқан жеті қағиданың мағынасына тоқталған еді.