Қолдау шарасын елдегі еріктілер әлі де жалғастырып жатыр
Қазақстандықтар зілзаладан зардап шеккен бауырлас елдегі ағайынға 2,8 миллион доллардан астам қаражат жинады. Бұл туралы Түрік елшілігі хабарлап, Қазақстанға көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бір ғана Астанадан 8 тонна гуманитарлық көмек жеткізілген. Қолдау шарасын елдегі еріктілер әлі де жалғастырып жатыр. Жиналған заттар Түркия Республикасының елшіліктері мен консулдықтарына табысталуда. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан 32 миллион теңге жиналып, тікелей AFAD қорына аударылған. Гуманитарлық көмекке Ұлттық волонтерлер желісі мен Қазақстандағы «Қызыл Жарты-Ай» қоғамы да ат салысқан.