2021 жылдан бастап кімдер кірісі туралы есеп береді

stan.kz
stan.kz
Жалпыға бірдей декларация
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Табысты ашық көрсетуден үрейленудің қажеті жоқ». Отандық сарапшылар жалпыға бірдей декларациялауға қатысты пікір білдірді. Мамандардың сөзінше қайта керісінше мұндай шешім экономикада ашықтық тенденциясын қалыптастыруға әсер етеді дейді. Еске салсақ еліміздің қаржы министрлігі 2021 жылдан бастап азаматтар өз табысын ашық көрсетуге міндеттеле бастайтынын мәлімдеген болатын. Толығырақ Almaty.tv тілшісі бейнематериалында.

Жаңа жылдан бастап ел азаматтары өзіне тиесілі табысын көрсетуге міндеттеледі. Бұл туралы арнайы жалпыға бердей декларация қабылданды. Шара төрт кезең бойынша жүзеге асады. Бірінші кезеңде өз кіріс туралы ақпаратты қаңтардан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, Екінші кезеңде 2023 жылы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері мен олардың жұбайлары кірісін көрсетуі тиіс. Үшінші кезеңде 2024 жылы 1 қаңтардан бастап жүзеге асады, яғни заңды тұлғалардың басшылары мен жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары декларация тапсыра бастайды. Ал, төртінші кезеңде, яғни 2025 жылы халықтың қалған санаттары табысы туралы есеп беруілері қажет.

«Декларацияны тапсыру мерзімдері қағаз жүзінде 15 шілдеге шейін тапсырылады. Электрондық түрде 15 қыркүйекке дейін тапсырылады. Содан кешіктерімей тапсырылуы керек. Шетелдегі тіркелген басқа да нысандар бойынша есеп жүргізу. Осы мақсатта енгізіліп отыр», – деді қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Қанағат Күлембаев.

Ал сарапшылар бұл декларация осыдан бірнеше жыл бұрын қабылдануы керек еді дейді. Мамандар мұндай құжатты тапсыруда өзін өзі жұмыспен қамтитын азаматтар, қыруар қаржы тауып оны жасырып қалғысы келетіндер үшін қиынға соғатынын айтады.

«Әрбір азамат өзінің табысын ашық көрсеткені дұрыс. Ал мен енді ойлаймын табысы орташа және табысы төмен азаматтар бұған тіпті қиналуының қажеті жоқ. Бұл менің мүлкімді мемлекет тіркеп алайын, алып қояйын деген сөздер – алып-қашпа сөздер», – деді UIB бизнес мектебінің директоры, экономист UIB бизнес мектебінің директоры, экономист Мақсат Халық.

Сонымен қатар, сарапшылар декларация жұртты келісімшартсыз немесе еңбек шартынсыз жұмысқа алатын мекемелердің де заңсыз істері әшкерелеп, ал еңбеккерлердің құқығын заң жүзінде қорғауға ықпал ететінін айтады. Сондай-ақ, табыс туралы деларация дамыған елдерде кеңінен қолданылатын тәжірибе дейді мамандар.

«Экономикаға жақсы әсер жасайды немесе жасырын экономикаға жасып жатқан шаралар. Қайдан алды, кімнен алды, кімге берді, қалай жасалды. Ұрланбайды, қорланбайды, бір-бірін алдай алмайды немесе заңсыз ұйымдардың ақшасы болмауына қарсы жасалып жатқан шаралар», – деді заңгер Думан Базарбеков.

Жалпы осыған дейін елімізде табыс туралы декларацияны тек лауазымды мемлекеттік қызметкерлер тапсырып келген. Олар құжатта жылжымайтын мүлік пен көлік құралдары туралы мәлімет көрсетті. Енді 2021 жылғы декларация бойынша азаматтар жылжымайтын мүлікпен қатар, жер учаскелерді, әуе және теңіз кемелерді, банк салымдарды, шетелдік банк шоттарындағы ақшаларды, инвестициялық алтын мен бағалы қағаздарды, ең төменгі есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен асатын өнер туындыларын жария  етуге міндеттеліп отыр.

Назкен Еркін, Ғани Қалуов, «Алматы» арнасы


ГРАФИКА-1

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ

1-КЕЗЕҢ 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап

- мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларынан, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардан және олардың жұбайлары

2-КЕЗЕҢ 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап

- мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері және олардың жұбайлары  

3-КЕЗЕҢ 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап

- заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары

4-КЕЗЕҢ 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап

- халықтың қалған санаттары табысы

Новости партнеров