Енді Алматыдан Ұзынағашқа 80 теңгемен 1,5 сағатта жете аласыз

Енді Алматыдан Ұзынағашқа 80 теңгемен 1,5 сағатта жете аласыз
56 адамға дейін сыятын вагонда кондиционер мен wi-fi болмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Енді Алматы мен Ұзынағаш стансасы арасында күніне 2 рет пойыз жүретін болды. Өйткені бұл бағытта сапар шегетін жолаушылар саны күн сайын артып келеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондықтан, тасымалдаушы компания темір жол көлігінің вагондарын да көбейтуді көздеп отыр. Қазір Алматы-Ұзынағаш пойызына күн сайын 2000-ға жуық адам мінеді екен. Жол ақысы 80 теңге. Тіпті онда «Оңай» картасы арқылы есеп айырысқысы келетіндерге арнайы терминалдар да қарастырылған.

Қазір Алтын-Орданың құрылысы жүріп жатқандықтан, Ұзынағашқа қарай жеке көлікпен жету  2 сағаттан астам уақытты алады. Ал пойыз жолаушыларды 1,5 сағаттан бір минут та кешіктірмей жеткізеді. Сондай-ақ такси құнын кемінде 300 теңге деп санасақ, пойызға отырған адамның қалтасына 220 теңге үнемдейді екен.

Сондай-ақ пойыздың бір вагонына 56 адамға дейін сияды. Жолаушыларға да бар жағдай қарастырылған. Іші кондиционер, тіпті, wi-fi желісімен жабдықталған.

«Қала маңына шығатын поездар бұл әр елді-мекенде бар. Алматының кептелісінде тұрып уақыт жоғалтқанша, осындай пойызбен 1,5 сағатта жеткен дұрыс. Бұл бағыт ашылғалы қалаға 10-мыңнан астам көлік кірмейді, соның арқасында экологиялық проблеманы да шешуге көмектесіп жатыр», – дейді «Тұран Экспресс» жолаушылар компаниясының директоры Роман БОТАБЕКОВ.

Новости партнеров