Тұрғындар бұл құс қызыл кітапқа енген деген болжам жасап отыр
Шымкентте ерекше құс табылды. Қызыл көзді қанаттыны көрген тұрғындар оның қайдан келгенін білмейді. Бірақ қараусыз қалдырмай, үйіне алып келген. Кейін зообаққа хабарласып, мәнжайды баяндаған. Тұрғындар бұл құс қызыл кітапқа енген деген болжам жасап отыр. Ал шын мәнінде солай ма? Almaty.tv тілшісі әзірлеген сюжетті көріңіз.
Шымкент тұрғыны Сауран Нышанғали осыдан екі күн бұрын ерекше құс тауып алыпты. Ол бұрын-соңды мұндай құсты көрмегенін айтады. Осылайша қызыл көзді қанаттыны үйімде паналатуды жөн көрдім дейді. Тіпті, оны асырауға да бекініпті. Бірақ ата-анасы зообаққа өткізуді жөн санаған екен.
«Құсты есік алдынан көрдім. Сосын ұстап алдым. Үйге алып келдім. Сосын оны суға салып қойдым. Асыраймын ба деп ойладым. Көзіне қызықтым. Әдемі екен. Құрмысқа жинадық. Шылаушын іздедік. Бірақ таппадық», – деді қала тұрғыны Сауран Нышанғали.
«Интернеттен көрдік. Қандай құс бұл. Аты қандай, не жейді десек. Бергенімізді жемей жатыр бірақ. Сомен зообаққа звондадық қой. Олар алып кетеміз деді. Қорқып жатырмыз өліп қала ма деп. Зообаққа аман-есен тапсырайық енді», – деді қала тұрғыны Зияткүл Елбосиева.
«Құрсай» елдімекенінен табылған құс расында да ел арасында көп кездеспейді. Мамандар осылай дейді. Бірақ қызыл кітапқа енбеген екен. Алайда қала ішінде де мекендемейді. Тек таулы не сулы аймақты паналайтын көрінеді. Осылай деген зоологиялық бақ қызметкерлері енді құстың жануарлар ордасында болатынын айтады.
«Қазіргі таңда алып келді бізге. Тиісті ветеринарлық шаралар жасалып жатыр. Жағдайы орташа. Қатты жарақаты жоқ. Қанаты ғана... », – деді Шымкент зообағының маманы Ұлболсын Ирсаева.
Айта кетейік, қызыл көзді құс қаладағы жануарлар бағында бұрын-соңды болмаған. Әзірге ол екі апта бойы карантинде болады. Содан кейін ғана өзге құстармен бір торға жіберілмек.