Енді ару орамал тағып жүруге мәжбүр
Сұлулық үшін құрбандыққа баруға тура келеді. Павлодарда бойжеткен сұлулық салонына барам деп шашынан айырылып қалды. Енді көшеге шығуға ұялып жүр. Оған қызмет көрсеткен мастер әлі де сол жұмысын істеп жүр, деп жазды stan.kz.
Үш ай бұрын ғана бойжеткеннің қара ұзын шашы бар еді. Енді орамал тағып жүруге мәжбүр.
Имиджі өзгертпек болған қыздың ойы іске аспады. 2018 жылдың қазан айында бойжеткен шашын сарыға бояғысы келіп, сұлулық салонына барады. Мастер Ярославнаның шашын химиялық қоспамен аптасына үш рет бояған.
«Біз шашымызды жууға барғанда шашымның бәрі түсіп қалды. Бәрін жуғанда бір шашым да қалмай түсті», – Ярославна Мухина.
Бұл жағдайдан соң бойжеткен шоктық күйге түскен. Ару қазір жасанды шашпен жүр.
«Шашты табиғи бояулармен бояған дұрыс. Қынадан жасалған немесе тағы басқа бояулармен. Негізі арнайы құрамы бар нұсқаулар бар, бірақ оларды ұзақ уақыт қолдану қажет. Шаштың түсінің қалпына келуіне үш айдан алты айға дейін уақыт керек», – дейді трихолог дәрігер Бақытжамал Тастанова.
Бойжеткеннің айтуынша, жеке жазбасында шашын бояған мастер кінәсін мойындаған. Ол алған ақшасын қайтаруға дайын екенін жазған, бірақ соңғы кезде байланысқа шықпай жүр. Ярославна сотқа арыз жазып, кінәлі мастерге өтемақы төлетпек.