Кэмерон Фарр – қазақстандықтарға танымал болып үлгерген полиглот
Әлемнің 27 тілін білетін америкалық жасөспірімнің ең сүйікті тілі – қазақ тілі. Қазақстандықтарға танымал болып үлгерген полиглот Кэмерон Фарр өзінің қазақ тіліне деген қызғушылығы неден басталғанын айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
- Өзіңді таныстырып кетсең. Қазақ тіліне қызығу қалай басталды?
Отбасымыз АҚШ-тың Атланта қаласында тұрады. Менің анамның аты Джули ал әкемнің есімі Джеф. Және бауырым екі итім бар. Мен бүкіл отбасыма қазақша есімдер жасадым. Қазіргі таңда 26 тіл білемін. Соның ішінде қызғыз, ұйғыр, якут, түрік тілдерін де меңгергенмін. Алайда көбі орыс тілін білесің бе деп сұрайды. Орыс тілі менде нашар. Түрікшемде онша емес. Бірақ қазақ тіліне деген қызғушылық күн өткен сайын артып келеді.
- Қазақстанды қандай мемлекет деп санайсың?
Қазақстанда әлемдегі ең жақсы мемлекет деп санаймын. Қатты барғым келеді. Қазақтың еті, бауырсақ секілді ұлттық тағамдары ұнайды. Әсіресе, Қызылордаға саяхаттағым келеді. Маған қазақ киносы мен ұлттық киімдері де өте әсем көрінеді.
- Тілді үйренуге қанша уақыт кетті?
Қазақ тілін 2019 жылдан бастап үйренудемін. Басында сөздердің дыбысталуы мен грамматика қиынға соқты. Сөйлем құрастыру қиын еді. Бірақ уақыт өте келе жақсарып келеді. Себебі менің қазір қазақ тілді достарым көп.
- Өз есіміңнен бөлек қазақша атың Айбала Құдайбергенқызы? Бұл қазақша есіміңді қалай таңдадың?
Үйде, мектепте Кэмерон атыммен атайды. Қазақша есімімді өзім таңдадым. Құдайбергенқызы деген тегімді Димаш Құдайбергендікіне ұқсатып таңдадым. Ал қазақ тіліндегі қыз сөзі ерекше ұнайды. Ал екеуі біріктіріп айтқан кезде өзгнеше есім пайда болады, -деді ол.
- Болашақта қандай маман иесі болғың келеді?
Оны әлі шешпедім. Қазір Instagram желісіндегі блогымды қазақ тілінде түсіріп жүрмін. Бірнеше тілдерді үйренудемін. Қазіргі кезде қыздардың тырнағын әрлеумен айналысамын.