Қанат Ералиевтың айтуынша, тұрғын үй кешенінде өрт қауіпсіздік шаралары сақталған
Аккент тұрғын үй кешені 2010-2017 жылдары тапсырыс беріліп, кезең-кезеңмен құрылысы жүргізілген. Онда 9 қабатты 42, 16 қабатты 16 тұрғын үй салынған. "Алматы" телеарнасына арнайы сұхбат берген құрылыс компаниясының бас директоры Қанат Ералиевтың айтуынша, тұрғын үй кешенінде өрт қауіпсіздік шаралары сақталған. Сондай-ақ эвакуациялау жолы да қарастырылған.
Өрт кезінде дереу оқиға орнында газ-түтіннен қорғау қызметінің жұмысы ұйымдастырылып 80 адам құтқарылды, оның ішінде 35 адам құтқару қалпақтар арқылы, қалған тұрғындар арнайы техниканың көмегімен, 200-ден астам адам эвакуацияланды.
Қанат Ералиевтың айтуынша, құрылыс компаниясы зардап шеккен пәтерлерді қайта жөндеу жұмысын жүргізуге ниетті.
Толығырақ төмендегі сілтемеден көре аласыз.
Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Ерболат Досаев Бекмұхаметовтар отбасына көңіл айтты