Алматыда әл-Фараби даңғылының бойына 700-ден астам ағаш отырғызылады

28.03.2019 22:31

Сонымен қатар 5,5 мың шаршы метр аймаққа гүлдер мен шыбықтар егіледі

Управление зеленой экономики


Алматыда әл-Фараби даңғылының бөлу жолағының бойына Желтоқсан көшесінен Ходжанов көшесіне дейін жапырақты және қылқанжапырақты 700-ден астам ағаш отырғызуға дайындық жұмыстары басталды, деп хабарлайды қалалық Жасыл экономика басқармасы баспасөз қызметі.

Жергілікті бақтарға терек, емен, шырша отырғызу жоспарланған. Сонымен қатар 5,5 мың шаршы метр аймаққа гүлдер мен шыбықтар егіледі.

Жұмыс барысы кезінде көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Полиция департаментіне жол-патруль топтарының  санын ұлғайту тапсырылды.

Айта кетейік, қаладағы ескі  қоршауларды алып тастау 30 наурызға дейін жалғасады. Сондай-ақ, гүл өсінділерін даярлау 1-інен 5-іші сәуірге дейін созылады.