Тарих және әлеуметтік гуманитарлық ғылым мәселесі Алматыда талқыланды

01.07.2024 23:05

Монографияның тұсауы кесілді

elements.envato.com

Алматыда тарих ғылымдарының докторы, профессор Саттар Фазылұлы Мәжитовтың 60 жылдығына арналған «Интеллектуалды-цифрлық трансформация жағдайындағы тарих және әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Басқосуға қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, сондай-ақ Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Үндістаннан зиялы қауым өкілдері келіп қатысты. Іс-шарада академиктің жүріп өткен жолы баяндалып, мерейтой иесіне құттықтау хаттар табыс етілді. 

Бұдан бөлек, «Қазақ даласындағы халық-азаттық қозғалыс: Тарих. Теория. Тарихнама» атты монографияның тұсауы кесілді. 

Айта кетейік, Саттар Мәжитовке «Ғалым сардары» атағы берілді.

- Конференция онлайн-офлайн форматта өтті. Негізгі тақырыбы тарихпен байланысты. Сонымен қатар, басқа да әлеуметтік гуманитарлық ғылымдарды ұштастыратын проблемалар көтеріліп, талқыланады. Бұл конференция жай ғана менің мерейтойыма арналып отырған жоқ. Жиында қаралған мәселе өзінің нәтижесін беретініне сенімдімін, - деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Саттар Мәжитов.

Оқи отырыңыз: Білімді ұрпақ тәрбиелейміз: Алматыда Нұрлан Қаппаров атындағы стипендияның панельдік сессиясы өтті