Алматыда «Біз біргеміз» акциясы аясында ардагерлерге көмек көрсетіліп, алғыс хат табысталды

almaty.tv
almaty.tv
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында есепте тұрған, әскери қызметте жұмыс істеген екі жарым мыңдай ардагер бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұл – Ұлы отан соғысының ардагері Қайырлы Жоңқабаев ақсақалдың шаңырағы. Жиырма жасында соғысқа аттанған ол әйгілі Панфилов дивизиясының 23-атқыштар полкінің құрамында ұрысқа қатысқан. Биыл 100 жасқа толатын майдангер ізбасарларына алғыс айтып, батасын берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы тыл ардагері Ғалымжан Жүсіпұлының да үйіне бас сұқты. Саналы ғұмырын әскери салаға арнаған жанның жасы сексен бестен асқан. «Біз біргеміз» акциясы аясында ардагерге көмек көрсетіліп, алғыс хат табысталды.

«Қиындықтан ел-жұртымыздың аман шығуына тілектеспін. Алла қолдап, түзу бақыттағы алға қойған Елбасының бастамасын аяқтауға үлкені бар, жастары бар   –  бәріміз атсалысып, соның жақсы нәтижесін көруге Алла жеткізсін деп тілеймін», – деді тыл ардагері Ғалымжан БӘКЕШОВ.

«Қолымыздан келгенше ҰОС ардагерлеріне, көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан Ұлттық ұланнның қызметкерлеріне көмектесіп жатырмыз дегені», – деді  ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Талапкер ӘМІРЕЕВ.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында есепте тұрған, әскери қызметте жұмыс істеген екі жарым мыңдай ардагер бар. Олардың мыңға жуығы Алматы қаласында тұрады. «Біз біргеміз» акциясы аясында олардың барлығына қолдан келгенше көмек көрсетілетін болады.

Қуан Нұрақын, Ескендір Тоғысбаев, «Алматы» арнасы

Новости партнеров