Жамбыл облысындағы боранға байланысты жедел желі іске қосылды

11.02.2023 в 22:32

11 ақпанда Жамбыл ауданында «Алматы-Термез-Ташкент» тасжолының учаскесі жабылды

Жамбыл облысындағы боранға байланысты жедел желі іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

11 ақпанда Жамбыл ауданында «Алматы-Термез-Ташкент» тасжолының учаскесі жабылып (534-593 км), 150 жеңіл көлік пен 250 жүк көлігі және 30 жолаушылар автобусы тоқтатылды.

"Жамбыл ауданында ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 3 жылыту пункті ашылды. Адамдар қажет болған жағдайда жылыту пунктіне жеткізіледі", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бригада 15 адамға медициналық көмек (қысым, бас ауруы, стресс) көрсетті.

Облыстық ТЖД-да жедел штаб ұйымдастырды.

Сонымен қатар, жедел желі телефондары жарияланды: 8 (7262) 513575, 514167.