Ауылды елдімекенмен салыстырғанда Қазақстанның қалалық жеріндегі қартаю көрсеткіші жоғары
Елімізде азаматтардың қартаю индексі артып келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратта 2021 жылы ҚР өңірлерінде халықтың қартаю индексі 26,6 құрағаны айтылған. Бұл дегеніміз 0 жастан 15 жасқа дейінгі әрбір 100 балаға елімізде 65 жастан асқан 26,6 азаматтан келеді деген. Бес жыл бұрын бұл көрсеткіш 25,9 (2017 ж.) деңгейінде болған.
«Ауылды елдімекенмен салыстырғанда Қазақстанның қалалық жеріндегі қартаю көрсеткіші жоғары – 28,7. 2019-2020 жылдардағы қалалық индекс 29,1 деңгейінде бағаланған болатын. Өңірлер арасында ең жоғары индекс көрсеткіші СҚО-да – 66,5. Ең жас қала Шымкент болып шықты, онда 100 балаға шаққанда 65 жастан асқан 14,3 адамнан келеді. Елорда халқы да салыстырмалы түрде жас, Нұр-Сұлтан индексі 17,3 құрады», - делінген хабарламада.
Ауыл тұрғындары арасындағы қартаю индексі қалалық көрсеткіштен 4,9 пунктке (23,9) аз. Бес жыл ішіндегі көрсеткіш айтарлықтай өзгерген жоқ, 2017 жылы 100 балаға 22,4 қарттан келген.