Қорғаныс құралдарын қала бойынша "Бақытты отбасы" орталығының үш жүз қызметкері алды
Пандемия кезінде азаматтарға қолдау көрсету аясында «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы қаланың «Бақытты отбасы» 8 аудандық орталықтарына көпбалалы аналарға арналған 16 мың медициналық маска таратты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қорғаныс құралдарын қала бойынша «Бақытты отбасы» орталығының үш жүз қызметкері алды.
«Акция халыққа карантин аяқталмағанын және қауіпсіздік шараларын сақтану керектігін жеткізеді. Сақтық шараларын ұстанбау сіздің және жақындарыңыздың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін. Мамандардың кеңестеріне жүгініп, өздеріңізді сақтау керектегін естеріңізге саламыз», - деді партия мүшесі Мади Ахметов.
Естеріңізге салсақ, пандемия кезінде партия мүшелерінің басым бөлігі аз қамтылған отбасыларға, ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, қайырымдылық ұйымдарына және т.б. өтеусіз көмек көрсетеді. Сонымен қатар, олар тегін ыстық тамақ, медициналық бұйымдар, дәрі-дәрмектер және жеке қорғаныс құралдарымен қолдау көрсетуде.
Айта кету керек, акция барлық қауіпсіздік шараларымен өткізілді.