Алматыда аула сыпырушылар зәулім үйлердің жертөлесін мекендеп жүр

02.10.2019 22:33

«Мерей» пәтер иелері кооперативінің басшылары бұдан хабардар болып шықты

Алматы қаласына элиталық тұрғын үйлердің жертөлесін аула сыпырушылар тұрғылықты жатын орындарына айналдырған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сыз тартқан жерді мекендеп жатқандардың жағдайынан «Мерей» пәтер иелері кооперативінің басшылары хабардар болып шықты. Тек олар жатуға емес, тек құрал-саймандырын қойып, түскі астарын ғана ішіп жүр деуден танбады.

Басында біздің жертөлеге түспек болған әрекетімізден түк шықпады. Есікке іштен құлып салып, айғайымызға құлақ аспады. Тек полиция қызметкерлерін шақырғаннан кейін ғана іштен біреу көтерілді.

Іштегі жағдай мынау. Алаңсыз түскі астарын ішіп азаматтар бұл жерге ешкім қонбайды, тек түскі ас ішуге ғана келеміз деген уәж айтты.

«Біз өтініш айтып, мына жерде кабель жүргізіп жатырмыз. Түс кезінде кедіп, тамақ істеп қайтадан жұмысқа шығамыз», – деді аула сыпырушылардың бірі ақталып.

«Жоқ біз қонбаймыз. Мына жігіттердің бәрі біздің жігіттер», – деді екіншісі.

Өзін аула сыпырушымын деп таныстырған азаматта бұл жерде адам тұрады деген бос әңгіме дейді. «Мерей» пәтер иелері кооперативі өкілдеріде бұл әңгімені растады. Олар өздерінің бұл мәселеден хабардар екенін, олар тек киім ауыстыру үшін ғана жертөлені пайдаланып жүргенін сөз етті.

«Олар ол жерде қонып жүрген жоқ. Тек тамақтанып, заттарын қою үшін ғана келеді», – деді Алматы қаласы Медеу ауданын әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Ермек ТІЛЕГЕНОВ.

Басында ас-үй жиһазымен тіреп қойған мына есікті ашып көруге тырыстық. Кілтсізде құлағалы тұрған есіктің оңай ашыла кетті.

«Мерейдің» мамандары бұл жерде ешқандайда адам қонбайды деп айтуға тырысты. Алайда мынандай адамдардың жеке заттарын, сүлгілерге, жаңа жиналға төсекетерге қарап адам тұрып жатқанын аңғару қиын емес.

Тек құпия есік ашылып, бәрін көзбен көрген соң ғана жертөлеге жауапты маман сабасына түсті. Басқа облыстан келген жұмыскерлерге тұратын жер табылмаған соң осы жерге уақытша тұра тұруларына рұқсат берген болатынбыз дейді.

«Біз бұл жерді жалға немесе тұрақты тұруға ешкімге берген жоқпыз. Олар осының алдында бір жатақханада тұрған. Бұл жерде тек уақытша ғана. Басқа тұратын жер тапқан соң кетеді», – деді «Мерей» ПИК басшысының орынбасары Татьяна ЕРМОЛАЕВА.