Қасым-Жомарт Тоқаев қызметінен босатылған әкімдерге ризашылығын білдірді

07.04.2022 в 22:34

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыстан босатылған әкімдерге алғыс айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл жайында Президенттің баспасөз қызметі мәлімет таратты. 

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстарының әкімдері лауазымында атқарған қызметі үшін Махамбет Досмұхамбетовке, Бердібек Сапарбаевқа, Гүлшара Әбдіқалықоваға ризашылығын білдірді», - делінген хабарламада.