Нарықтағы тапшылық қолдан жасалған - Бақыт Сұлтанов

kaztag.kz
kaztag.kz
Бақыт Сұлтанов базарларға жасалған тексеру жұмыстарына тоқталып, кемшіл тұстарын атады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов базарларға жасалған тексеру жұмыстарына тоқталып, кемшіл тұстарын атады. Министрдің айтуынша, нарықтағы тапшылық, бағаның өсімі қолдан жасалып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Базардағы бағаның бұзылып тұрғанын министрлік бірнеше фактормен түсіндірді. Олар: сауда нысанындағы әкімшілік қызметтің ақсап тұрғаны, сауда орнын жалға алудың жоғары мөлшерлемесі, қосымша қызметтерді көрсету үшін аффилиирленген провайдерлер нарығының әкімшілігінің енгізуі. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бас прокуратура биыл мамыр айында 122 базарды тексеруді аяқтады. Нәтижесінде жүйелік проблемалар анықталды. Нарық субъектілері тауар тапшылығын қолдан туғызып, бағаға айла-шарғы жасау деректері де кездескен»,- деді Бақыт Сұлтанов.

Аталған мәселелерді шешу үшін Министрлік Бас прокуратура, әкімдіктермен бірлесіп заңнамалық түзетулер әзірлепті. Негізгі мақсаты - сауданы ұйымдастыруға жеке жауапкершілікті базар иесіне жүктеуге, нарықтар үшін біліктілік және инфрақұрылымдық талаптарды белгілеу, сауда - саттықта қолжетімді ашық ақпараттық жүйені құруға бағытталған.

«Нормалар бүгінде Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан мемлекет басшысының кейбір тапсырмаларын орындау туралы заң жобасына енгізілген. Келесі сессияда құжат қабылданады деп күтеміз. Депутаттармен де, жұртшылықпен де жан-жақты жұмыс істеп жатырмыз»,- деп толықтырды министр.


Саладағы қазіргі мәселе – қант. Елдегі тапшылық әлі тыйыла қоймады. Ақпараттық алаңда АШМ тәтті өнім тамызда артығымен келетінін айтты. Республикадағы қант зауыттары 41 мың тонна ақ қант өндіруді көздеген. Алдын ала жоспар бойынша сол кезге болжамды қажеттілік 69,8 мың тонна, ал айдың басында құмшекер қоры - 35,1 мың тоннаға жетеді дейді.

«Тамыз айындағы қант теңгеріме келер болсақ, болжамды қажеттілік 69 ,8 мың тоннаны құрап отыр. Бұл тұтынудың ең жоғарығы көлемі болып табылады. Тамыз айы республика бойынша қанттың қоры 35 мың тонна болып жоспарланып отыр. Қант импорты 42 мың тг деңгейінде күтіледі», – деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Ал қант құны бүгін, ертең түсе қоймайды. Баға күзге қарай реттелуі мүмкін деген болжам айтты министр.

«Күзде негізі Ресей Федерациясы да тыйым салып, күзге дейін шектеді ғой. Ресейде де қант экспортын ашуға дайындалып жатыр. Ресейден де қант экспорт келеді. Беларусь елінен де күзде қант келеді. Қант бағасы тұрақтанады», – деді Ербол Қарашөкеев

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент қос министрге дәл осы тапшылықты реттей алмағаны үшін сөгіс берген еді. Саладағы түйткілдің түйінін таппаса, екеуіне тағы да сын болмақ.

Камшат Мұхамеджан, Ринат Өтеев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров