Абай бейнесі бар плакатты ұсынған Екатерина сурет салумен ғана шектелмей, ақынның өмірбаяны мен шығармашылығын да айта білді
Шығыс Қазақстан облысында ауыр қылмыс үшін сотталған әйел ұлы ақынның портретін салды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай Құнанбаевтың портретін салған қылмыскер ШҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ 156/21 әйелдер колониясында жазасын өтеп жатыр. Идеяның өзі – жазасын өтеуші Екатеринға (есімі өзгертілді) тиесілі екен.
“Ұлы ақынның суретін салу туралы ой 175 жылдығына арналған іс-шараны өткізуге дайындық кезінде келді”, - деп мойындайды ол. Абай бейнесі бар плакатты ұсынған Екатерина сурет салумен ғана шектелмей, ақынның өмірбаяны мен шығармашылығын да айта білді.
Шақырылған қонақтар, сотталғандар мен мекеме әкімшілігі кәсіби суретшіге тән таланттың еңбегін бір ауыздан мойындап, таңданыстарын жасыра алмады.