|
26.03.2019 | 17:35
4406

«Бақытты отбасы» қоғамдық қорынан 1 мыңдай отбасы көмек сұраған

Қоғамдық қорда қазірдің өзінде көмек көрсетуге 500-ден астам отбасының тізімі жасалыпты

«Бақытты отбасы» қоғамдық қорынан 1 мыңдай отбасы көмек сұраған

Алматыдағы «Бақытты отбасы» қорына қалталылар бір айдың ішінде 100 миллион теңгеден астам қаржы құйған. Ал қаражат жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларды бір реттік қолдауға жұмсалып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазірдің өзінде көмек көрсетуге 500-ден астам отбасының тізімі жасалыпты.  

«Бақытты отбасы» қоғамдық қорына 1 мыңға жуық азамат көмек сұрап келді. Қазіргі таңда біз 200 отбасыға көмектестік. Жалпы, екі-үш күннің төңірегінде 500 отбасыға көмек көрсетілуі керек. Дегенмен, аталмыш қоғамдық қордың мақсаты – ұзақмерзімді немесе терең дүниелерді қамту емес, қысқамерзімді, дәл қазір қиын жағдайға түсіп қалған көпбалалы отбасыларға көмектесу», – деп атап өтті «Бақытты отбасы» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің мүшесі Дәурен БАБАМҰРАТОВ.        

Сондай қиын жағдайға түскен Қарасу ықшамауданындағы екі отбасыға көмек көрсетілді. Азық-түлік пен киім-кешек алуға қаржылай сертификат табысталып, улы газдан хабар беретін құрылғы тегін орнатылды. Үйге жақында газ тартып беруге де уәде беріпті. 

«Осыған да шүкір. Газ кіргізіп алсам болды деп отырмын қазір. Ең қиын мәселе сол болып тұр. Газ кіргізуге көмектесеміз деді. Соған көп рахмет! Енді пештен, түтін мен ыстан құтылатын шығармыз», – дейді тұрғын Айзада ТӘЛІПЖАНОВА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир