Birgemiz: Нұр-Сұлтанда бесжұлдызды қонақүй карантиндегі науқастарға берілді

Фото: booking.com
Фото: booking.com
Bi-Group басшысы Айдын Рахымбаев Елбасы үндеуіне қолдау көрсетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Bi-Group компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев коронавируспен күрес үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы бесжұлдызды қонақүйін карантиндегі науқастарға пайдалануға берді. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Кеше @BIGroup_KZ компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы қайырымдылыққа 2 миллион доллар бөлсе, бүгін карантин науқастар үшін аурухана ретінде қонақүйін берді. Жарайсың, Айдын! Нағыз патриот! Коронавирус індетімен күрес көптеген қазақстандықтарды біріктірді. Елбасының халықты қолдау туралы бастамасын бірінші болып қолдағандардың бірі - кәсіпкер Айдын Рахымбаев», - деп жазды Айдос Үкібай.

Бұдан бұрын Айдын Рахымбаев елдегі коронавируспен күреске жұмылдырылған дәрігерлерге көмек ретінде 100 млн теңге бөлген болатын.

Айта кетсек, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 23 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, жалпы елімізде 57 науқас тіркелді.




Новости партнеров