Алматы қаласы Бостандық ауданында бірнеше күн газ өшіріледі

16.08.2019 22:35

Аталған аудандарда 4342 жекеменшік, 240 көпқабатты үй бар

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалының хабарлауынша, 2019 жылдың 19-23 тамызы аралығында Алматы қаласы Бостандық ауданындағы «Алма Арасан» ықшамауданы Дулати даңғылы бойындағы орта қысымды газ құбырын жаңғыртуға байланысты «Нұр Алатау», «Қазақфильм», «Нұрлытау» ы/а, «Жайлау» гольф клубы, «Мирас», «Хан Тәңірі», «Машиностроитель», «Алатау», «Звездная» және «Алма Арасан» ықшам аудандарында  газ беру тоқтатылады.  

Айта кеткен жөн, аталған аудандарда 4342 жекеменшік, 240 көпқабатты үй мен 91 коммуналдық-тұрмыстық және өндірістік кәсіпорын орналасқан.