Мирболат Құрмашев әлі табылмады - ақпаратты жергілікті билік тексеріп жатыр
Almaty.tv
Түркиядағы жер сілкінісі кезінде 4 қазақстандық жоғалып кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркиядағы жер сілкінісі кезінде 4 қазақстандық жоғалып кеткен. Бұл туралы түрік елінің Қазақстандағы елшісі Уфук Экижих айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, зілзаладан кейін жоғалған отандастарымызмен туыстары байланыса алмаған. «Astana Hub» технопаркінің халықаралық агенті Мирболат Құрмашев та іс-түссіз кеткендер қатарында бар. Туыстары оны соңғы рет әріптестерімен бірге Хатай қаласында қызмет бабымен жүргенін айтқан.
«Туыстары бізге жедел желіге хабарласты. Біз қазіргі таңда түрік тарапымен ақпаратты анықтап жатырмыз. Олардың айтуынша, Хатай қаласында болған. Сол жергілікті билік пен құтқарушылар тексеріп жатыр», – деді ҚР СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 11:00