Әкімдік халықты тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды
Петропавл әкімдігі ресейлік әнші Юрий Шатуновты еске алуға арналған флешмоб өткізуге тыйым салды, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
23 маусымда "Ласковый май" тобының әншісі Юрий Шатунов қайтыс болды. Әлеуметтік желідегі жергілікті пабликтерде әншіні еске алуға шақырған үндеулер жарияланды.
Хабарламаларда осы жиынға арналған бірнеше орын көрсетілген. Алайда қала әкімдігі бұл шараға тыйым салды.
"Құрметті қала тұрғындары, Интернациональная мен Бөкетов көшелерінің арасында Юрий Шатуновты еске алуға арналған шара өткізілмейді. Флешмоб өткізуге рұқсат берілмеген. Тек ресми ақпаратқа сенулеріңізді сұраймыз", - деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада.
Дереккөз: Azattyq Rýhy