Алматыда түсіндіру жұмыстарын жүргізуге әкімдік қызметкерлері де кірісті

02.05.2020 в 22:49

Бүгін «Айнабұлақ» шағынауданында арнайы рейд өткізілді

Алматыда әкімдік қызметкерлері тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Белсенділер қатарында Жетісу ауданы әкімдігінің өкілдері бар. Өткен күні «Айнабұлақ» шағынауданында арнайы рейд өткізілді. 

«Бұл біздің аудандағы халық ең тығыз қоныстанған аймақ: тығыз тұрғын үй кешендері, жеке сектор, базар, дүкендер көп. Осы факторлар сәйкесінше, тұрғындар денсаулығына үлкен қауіп тудырады. Тұрғындарға тиісті ақпаратты жеткізу және өздерін қалай қорғау керек екені туралы айту өте маңызды. Бұл істе бізге жергілікті әкімдік өкілдері, сондай-ақ Nur Otan партиясының аудандық филиалы көмектеседі, өйткені тек ішкі істер органдарының ресурстары бүкіл аудиторияны қамти алмайды. Ал дәл қазіргі уақытта түсіндіру жұмыстары короновирусқа қарсы күрестің тиімді әдістерінің бірі. Ескертілдің, демек, қорғалдың деген шындық бекер айтылмаған!», – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының басшысы Дархан Мұсанов. 

Шағынауданды тексеру барысында полиция мен әкімдік қызметкерлері қала тұрғындарының көкейкесті мәселелеріне жауап беріп, қажетті кеңестер берді.