Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресейдің мемлекет басшысы Владимир Путин телефон арқылы туған күнімен құттықтады.
Қазақстандық әріптесін құттықтай отырып, Путин екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Ресей Федерациясы президентінің баспасөз қызметі.
Әңгіме барысында қос елдің президенттері алдағы уақытта өтетін кездесулер туралы уағдаласты. Оның ішінде, мамыр айы соңында Нұр-Сұлтанда өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы аясында кездесу жоспарланған.
Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 66 жасқа толды. Бұл күнді ол алғаш рет мемлекет басшысы әрі президенттікке кандидат ретінде атап өтіп жатыр.