Ақылды бейнебақылау жүйесі қиылыстың алдында дұрыс емес қатарға тұруды, стоп-линия сызығына кіруді және автобус жолағының бойымен жүруді бақылайды
«Сергек» қандай заң бұзушылықтарды тіркейтіні туралы Алматы полициясы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ақылды бейнебақылау жүйесі қиылыстың алдында дұрыс емес қатарға тұруды, стоп-линия сызығына кіруді және автобус жолағының бойымен жүруді анықтайды. Сондай-ақ, «Сергек» камералары жылдамдықты, көліктің бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетуін және дұрыс емес жерге тоқтағанын анықтайды.
«Барлық бұзушылықтарды полиция өңдейді және жібермес бұрын қызметкердің ЭСҚ қолы қойылады. Әрі қарай бұзушылықтар туралы нұсқаулық көлік құралдарының иелеріне екі жолмен жіберіледі: СМС және пошта. Айыппұл туралы хабарламаны алғаннан кейін, құқықбұзушы 7 күн ішінде соманың жартысын төлей алады. Төлем өз еркімен төленбеген жағдайда, хабарлама алынған күннен бастап 30 күн өткен соң, материал ҚР ӘҚбК-нің 894-бабына сәйкес мәжбүрлеп алуға жіберіледі. Сіз Egov.Kz және Qamqor.gov.kz сайттарында бұзушылық хаттамасымен және тәртібімен таныса аласыз. Айыппұлдарды өзіңізге ұнайтын ыңғайлы жолмен төлеуге болады. Мысалы, электронды үкімет порталында онлайн, банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімінде, мобильді қосымшалар арқылы (Kaspi.kz, HalykBank, Kassa24, Handypay, Homebank, Казпочта, Колеса). Құқық бұзушылық үшін барлық қаражат қалалық бюджетке түседі»,– деді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.