Екі ақтөбелік азамат бірнеше кәсіпорын ашып, заңды тұлға ретінде банктен шоттар ашқан
Ақтөбе облысында заңсыз жолмен 492 миллион теңге тапқан адамдар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар екі жыл бойы іс жүзінде жасалмаған қызметтер мен жеткізілмеген тауарларға жалған есеп-шот шығарып отырған. Екі ақтөбелік азамат бірнеше кәсіпорын ашып, заңды тұлға ретінде банктен шоттар ашқан. Содан кейін өздерінің жалған фирмаларына қаржы аударып отыратын серіктестерді табумен айналысқан. Қазіргі таңда Қаржы мониторингтік агенттігінің мәліметінше мемлекетке келген 492,6 миллион теңге шығын кейін қайтарылды. Сондай-ақ 7,3 миллион теңге қаржысы бар банк шоттары бұғатталды. Жымысқы әрекетті жүзеге асырғандар 3 жарым жылға шартты түрде сотталған.