Сайлау: Бізге озық ойлы, өз пікірін айтатын азаматтар керек
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау үшін азаматтар дауыс беру учаскелерін 4 наурыздан бастап біле алады. Ал науқанның өзі 19 наурыз деп белгіленген болатын. Ел қайраткерлерінің айтуынша, алдағы саяси өзгерістер қоғамның дамуына серпін береді. «Елге пайдам тисін деген азаматтар өзін көрсетіп, ұсынуы керек» дейді Ғалым Қалибекұлы. Оның айтуынша, бәсекелестік болмаса, сайлаудың мәні болмайды, қоғам ілгері дамымайды.
«Халықтың сөзін сөйлеу керек, мұңын мұңдап, жоғын жоқтау керек. Сондай азаматтардың келгенін, сайланғанын қалар едік және олардан біз көп үміт күтеміз. Баяғыдай бұқпантайлап жүрудің түк те керегі жоқ. Бізге озық ойлы, өз пікірін айтатын азаматтар, мықты жастар керек деп ойлаймын», – деді ақын Ғалым Қалибекұлы.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
11.09.2026 13:00
Ізденістен қорықпаңыз: 12 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал
12.09.2026 10:37
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
12.09.2026 09:08
11 қыркүйекке арналған валюта бағамы
11.09.2026 10:04
Шашты қаншалықты жиі жуған дұрыс
12.09.2026 12:58