Сайлау: Бізге озық ойлы, өз пікірін айтатын азаматтар керек

26.01.2023 22:38
Almaty.tv

Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау үшін азаматтар дауыс беру учаскелерін 4 наурыздан бастап біле алады. Ал науқанның өзі 19 наурыз деп белгіленген болатын. Ел қайраткерлерінің айтуынша, алдағы саяси өзгерістер қоғамның дамуына серпін береді.   «Елге пайдам тисін деген азаматтар өзін көрсетіп, ұсынуы керек» дейді Ғалым Қалибекұлы. Оның айтуынша, бәсекелестік болмаса, сайлаудың мәні болмайды, қоғам ілгері дамымайды.

«Халықтың сөзін сөйлеу керек, мұңын мұңдап, жоғын жоқтау керек. Сондай азаматтардың келгенін, сайланғанын қалар едік және олардан біз көп үміт күтеміз. Баяғыдай бұқпантайлап жүрудің түк те керегі жоқ. Бізге озық ойлы, өз пікірін айтатын азаматтар, мықты жастар керек деп ойлаймын», – деді ақын Ғалым Қалибекұлы.