Сыртқы істер министрлігі Украинада зардап шеккен қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
"Бақытымызға орай, зардап шеккендер жоқ. Әзірге бізге ондай ақпаратпен ешкім хабарласқан жоқ. Ары қарай да солай болады деп сенемін", - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.