Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VII съезінің маңызы талқыланды

02.03.2023 22:39

Жиынға оқытушылар мен теологтар қатысты

Almaty.tv

Бүгін Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі бойынша дәріс өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оған студенттерден бөлек, оқытушылар мен теологтар қатысты. Олар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің қорытынды декларациясының маңызына тоқталды. Айта кетсек, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі былтыр қыркүйек айында Астана қаласында өтті.

«Қазақ еліне ғана емес, жалпы әлем жұртшылығына қаншалықты мұның нәтижесін, пайдасын тигізгені жайлы керемет кездесу өтіп жатыр. Ол түсінікті.  XXI ғасыр түрлі оқиғалармен басталған болатын», – деді «Нұр-Мүбарак» египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев.