Алматыда жедел SOS дабыл батырмасы іске қосылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Жалған ақпарат беру дерегі бойынша 5 АЕК мөлшерінде айып көрсетілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қаңтар оқиғасынан кейін ұрлық пен тонау дерегі өскен. Бірақ қылмыс деңгейі төмендеген. Қоғам қауіпсізідігін сақтау мақсатында қалалық полиция департаменті SOS дабыл батырмаларын іске қосты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Дәл қазір жаңа құрылғының екеуі қызмет көрсетуге дайын. Бұл құрылғы бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында қолданысқа берілген. Тәртіп сақшылары болашақта SOS дабыл нүктесінің санын арттыруды жоспарлап отыр. Дереу жеткен тәртіп сақшылары бірден болған жайтты сұрап, себеп-салдарын анықтайды.  Олар батырманы жөні жоқ баса бермеуге кеңес берді, тәртіп сақталмаған жағдайда айыппұл салынады деді.

«Жалған ақпарат беру дерегі бойынша 5 АЕК мөлшерінде айып көрсетілген. Егер мұны кәмелет жасына толмағандар жасайтын болса, олардың ата-анасы жауап береді», – деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Дабыл нүктелерін орнатпай тұрып, полиция департаменті арнайы талдау жасапты. Соның қорытындысына сүйене отырып, құрылғыны қылмыс жиі тіркелетін 13 жерге қондырамыз деген шешімге келген.

«Пайдасы тиеді ғой. Көп жерге қойылса, істесе, ешкім сындырмаса екен», – деді қала тұрғыны Жандос Шәдібек.

Дабыл құрылғысы бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істей бастады. Ол кезде Алматыда жоба пилоттық режимде ғана жүзеге асқан еді. Жуырда ғана қолданысқа берілген 2 құрылғы Панфилов пен Төле би көшесінің және Құрманғазы мен Достық даңғылының қиылысында орналасқан.

Оразай Нұртай, Ялкунжан Әшімжан, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров