Ең басты әлеуметтік проблема – халықтың басым бөлігінің кедейлігі – депутат

Almaty.tv
Almaty.tv
Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі әлемдегі ең төмен елдердің деңгейінде тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елдегі басты әлеуметтік проблема – халықтың басым бөлігінің кедейлігі. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Ерлан Саиров Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған сауалында осылай айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Депутаттың дерегі бойынша Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі әлемдегі ең төмен елдердің бірі және Нигерия, Ангола, Венесуэла, Габон сияқты елдердің деңгейінде тұр. Мұндай жағдайда ол ең төменгі жалақыны жыл сайын индексациялауды және екі ең төменгі жалақы мөлшерінде табыс алатын азаматтарды жеке табыс салығынан босатуды ұсынып отыр.

«Қазақстанда халықтың ең аз қамтылған 40 пайызы өз бюджетінің 59 пайызын азық-түлік өнімдеріне жұмсайды. Кей кездері бұл көрсеткіш одан да жоғары. Елімізде азаматтардың төмен әлеуметтік жағдайының ең төменгі күнкөріс шегі және кедейлік шегі деген екі индикаторы бар. Кедейлік шегі, ең төменгі күкөріс шегінің, яғни 36 мың теңгенің 70 пайызын құрайды. Бұл ертедегі үкіметтердің халыққа ақшаны аз төлеу үшін істеп қойған «қулығы», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров.

Сонымен қатар депутат Динара Зәкиева да Ералы Тоғжановтың атына аз қамтылған отбасындағы балалардың құқығын қорғау мәселесі бойынша сауал жолдады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда кемінде 625 мың, яғни әрбір оныншы бала аз қамтылған отбасында тұрып жатыр. Бұл ретте депутат тұрмысы төмен отбасылардың балаларын қолдаудың тиімділігін арттыру үшін атаулы әлеуметтік көмекті әр балаға күнкөріс минимумына дейін арттыруды ұсынып отыр. Яғни, 1 балаға 36 мың теңге берілуі тиіс дейді.  

«Ондай отбасыны қолдаудың бір түрі – атаулы әлеуметтік көмек, яғни АСП. Алайда оның жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегінің арасындағы айырмашылықты білдіретін мөлшері тіпті қарапайым қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жетпейді. Мысалы, жан басына шаққққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 6 адамнан тұратын отбасына берілетін АӘК 7 мың теңгедей ғана», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Зәкиева.

Новости партнеров