AMANAT партиясында Vision Zero жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру тұжырымдамасының тұсаукесері өтті

12.01.2023 22:42

Іс-шараға жол қауіпсіздігі саласындағы сарапшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері, урбанистер, сәулетшілер, журналистер мен блогерлер қатысты

ашық дереккөзден

12 қаңтарда AMANAT партиясы Орталық аппаратының кеңсесінде Қазақстан жолдарындағы жарақаттану мен мүгедектікті азайтуға бағытталған Vision Zero жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру тұжырымдамасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 16 мың жол-көлік оқиғаcы (ЖКО) орын алады, онда орта есеппен 2000 адам қаза болады, 18 мың адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша ЖКО салдарынан өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда 12,2 адам. Салыстыру үшін Польшада бұл көрсеткіш – 5,9, Германияда – 3,1, Швецияда 1,9 адам.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректері бойынша, елімізде 2022 жылдың 9 айында ғана 10,2 мыңға жуық апат орын алып, нәтижесінде 15 мыңнан астам адам зардап шекті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ЖКО-ның өсуі 8,9%. 1,7 мың адам қайтыс болды (21%-ға өсті), оның 181-і кәмелетке толмаған балалар, 457 әйел және 1258 ер адам.

ЖКО зардап шеккендер арасындағы кәмелетке толмағандардың үлесі 19,9% (3 007). Олар негізінен автокөліктердің соқтығысуынан зардап шекті.

Сонымен қатар, 542 қоғамдық көліктің қақтығысуымен 532 ЖКО орын алған, 70 адам қаза болып, 783 адам жараланды.

«Азия даму банкінің» зерттеуіне сәйкес Қазақстанда ЖКО-нан жинақталған залал бір адам қайтыс болған жағдайда 113 млн теңгені және жарақат алған кезде 16 млн теңге болды.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы жағдайды өзгерту үшін жол қауіпсіздігін арттыру бойынша түбегейлі шаралар қабылдау қажет. Атап айтқанда, Қазақстанда Vision Zero бағдарламасын қабылдау және енгізу ұсынылды, оның ішінде аса авариялық учаскелердегі жылдамдық режимін төмендету, көшелердің дизайны мен геометриясын өзгерту, қауіпсіздік аралдарын салу, қоғамдық көлік жүргізушілерін даярлау тәсілін өзгерту, трафикті тыныштандыру жөніндегі іс-шаралар және тағы басқалар.  

Іс-шараға жол қауіпсіздігі саласындағы сарапшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері, урбанистер, сәулетшілер, журналистер мен блогерлер қатысты.

2020 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясы «Жол қозғалысының жаһандық қауіпсіздігін арттыру» қарарын қабылдады.

Жоба Қазақстан БҰҰДБ мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Теги: AMANAT ДТП