Алматыда кәсіпкерлік нысанның саны 30 пайыз артты

adindex.ru
adindex.ru
Мегаполис тіркеуге алынған шағын және орта бизнес объектілері бойынша елімізде көш бастап тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда кәсіпкерлік нысандарының қатары 30 пайыз артты. Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, мегаполис тіркеуге алынған шағын және орта бизнес объектілері бойынша елімізде көш бастап тұр. Қазір қалада олардың саны 340 мыңнан асады. Бұл туралы «Атамекен» қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша, қызмет көрсету орталығы жыл басынан бері ісін енді бастаған және бизнесін дөңгелетіп отырған 2 мыңнан аса кәсіпкерге сервистік қолдау білдірген. Бұл өз кезегінде шаһар экономикасының өсіміне оң әсер етіп отыр.

«Бизнесті қорғау «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының негізгі міндеті болып табылады. Биыл Алматы қаласы бойынша бизнес иелерінен 1723 өтініш келіп түсті. Соның 872 өтініш мақұлданып, 564-іне қатысты түсініктемелер берілді. Яғни, өтініштердің шамамен 83 пайызы оң шешім тапты. Біз үшін бұл жоғары көрсеткіш», – деді «Атамекен» қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.

Сондай-ақ кәсіпкерлер палатасының директоры қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес нысанның саны 2 мыңға жуық екенін айтты. Келтірілген залалды өтеу үшін арнайы механизм құрылып, бизнес қоғамдастықтың талап-тілегі ескеріліпті. Ал шығын сомасы 35 миллиард теңгені құраған.

«Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен бизнес нысандарына залалды өтеу бойынша комиссияның 40 отырысын өткіздік. Инфоқазақстан порталына келіп түскен барлық өтінімдер қаралды. Жалпы айтатын болсақ, 1640 өтінім келіп түсті. Олардың барлығы қолдау тауып, 16 миллиард 189 миллион теңге көлемінде залал өтелді», – деді «Атамекен» қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.  

Новости партнеров