McDonald’s компаниясының Қазақстанда жұмысын тоқтатуы елдің имиджіне кері әсер етпейді

16.01.2023 22:43

5 қаңтарда McDonald's компаниясы Қазақстанда қызметін тоқтатқаны хабарланды

Фото: Абзал Калиев

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров McDonald’s компаниясының Қазақстанда жұмысын тоқтатуы елдің имиджіне кері әсер етпейді деп санайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сыртқы істер министрлігінде өткен апта сайынғы брифингте журналистер McDonald’s-тің нарықтан кетуі Қазақстанның әлемдік аренадағы беделіне қалай әсер ететінін сұрады.

Смадияров қоғамдық тамақтануға қатысты мәселе министрліктің құзыретіне жатпайтынын атап өтті.

"Ешбір жағдайда да әсер етпейді. Қандай компания келмесін, бәсекелестік бар, нарық бар. Нарық өзі реттейді. Біреу келеді, біреу кетеді. Қай жерде McDonald’s кетті екен деп Қазақстанның имиджіне нұқсан келді? Жоқ, әлде елдің беделі McDonald’s арқылы бағалана ма? Басқа да әлемдік компаниялар бар ғой", - деді Смадияров.

5 қаңтарда McDonald's компаниясы Қазақстанда қызметін тоқтатқаны хабарланды. Енді McDonald’s брендімен жұмыс істеген "Food Solutions KZ" ЖШС жаңа атаумен ашылады.

Дереккөз: Sputnik.kz