Дауыс беруге келген тұрғындар ел өміріндегі маңызды саяси науқанда белсенділік танытып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазір Алматыдағы сайлау учаскелерінде жұмыс қызу. Олардың арасында тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, наурыз-думанды тойлауды бастап кеткендер де бар.
Биылғы ҚР Парламент және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы Наурыз мейрамына тұспа-тұс келіп тұрғаны белгілі. Ал қаладағы №64 жалпы білім беретін орта мектепте сайлаушыларға наурыз көже мен бауырсақ ұсынылады. Сондай-ақ дауыс беруге келген тұрғындарды әнмен қарсы алды.
«Тұрғындарға 4 бюллетень беріледі. Олар Парламент сайлауына партия таңдайды. Ал мына екеуі қалалық мәслихат депутаттарын сайлауға арналған бюллетень», – деді №366 сайлау учаскесінің төрағасы Күмісжан Қалдыбаева.