Сайлау-2023: Алматыда дауыс беру қызу өтіп жатыр

19.03.2023 22:43

№64 жалып білім беретін орта мектепте сайлаушыларға наурыз көже мен бауырсақ ұсынылады

Almaty.tv

Дауыс беруге келген тұрғындар ел өміріндегі маңызды саяси науқанда белсенділік танытып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір Алматыдағы сайлау учаскелерінде жұмыс қызу. Олардың арасында тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, наурыз-думанды тойлауды бастап кеткендер де бар.

Биылғы ҚР Парламент және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы Наурыз мейрамына тұспа-тұс келіп тұрғаны белгілі. Ал қаладағы №64 жалпы білім беретін орта мектепте сайлаушыларға наурыз көже мен бауырсақ ұсынылады. Сондай-ақ дауыс беруге келген тұрғындарды әнмен қарсы алды.

«Тұрғындарға 4 бюллетень беріледі. Олар Парламент сайлауына партия таңдайды. Ал мына екеуі қалалық мәслихат депутаттарын сайлауға арналған бюллетень», – деді №366 сайлау учаскесінің төрағасы Күмісжан Қалдыбаева.