Мәжілісте блогерлердің қызметін заңмен шектеу мәселесі ұсынылды

03.05.2023 22:43

Ол қолданыстағы БАҚ туралы заңды қайта пысықтау керегін айтты

elements.envato.com

Мәжілісте блогерлердің қызметін заңмен шектеу мәселесі ұсынылды. «Ауыл» фракциясының депутаты Анас Баққожаев блогерлікпен айналысып жүргендерге де жауапкершілік енгізу керегін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Пайымынша, желіде белсенді блок жүргізіп жүргендердің дені атаққұмар әрі сауатсыз. «Көбі ел алдындағы беделін, атақ-дәрежесін пайдаланып, халыққа көмек жасап жатқандай сыңай танытып, әлеуметтік желілерде түрлі «хайп» ұйымдастырады» деп наразылығын білдірді. Үкімет басшысына тікелей депутаттық сауал жолдап, қолданыстағы БАҚ туралы заңды қайта пысықтау керегін айтты.

«Сіз бір нәрсені жарияладыңыз ба, оны қағаз бетінен өшіре салмайсыз ғой. Жазғаннан кейін, ойыңнан айнымау керек. Ақпарат мың рет тексерілуі қажет.  Себебі, құқығы мен мүддесі тапталған адам сотқа жүгінетін болса, қалай дәлелдемек. Сілтеме жасай алмайды. Басында жазылады, кейін өшіріп тастайды. Ол дұрыс емес», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Анас Баққожаев.