Оның 49 пайызы үкіметтің, 51 пайызы халықтың қолында болады
Жаңа ауыл өндірісі құрылымын енгізу қажет. Бүгін Қабанбай батыр ауылының тұрғындарымен кездесу барысында Қазақстан Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгел осындай бастама көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Үміткердің айтуынша, шекара маңындағы ауылдардың бос қалуы ел қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін. Тұрғындар саны аз болғандықтан, онда мектеп пен жаңа жол салу, ауыз-су құбырларын жүргізу тиімсіз. Ал, ауыл өндірісі құрылымы – мәселені шешудің бірден-бір жолы, дейді үміткер.
Жаңа ауыл өндірісі дегеніміз – ауылға жан бітіріп, ондағы жұмыссыздықты жою. Елімізде жалпы 2100 ауылдық округ бар. Осылардың барлығында түгел жаңа ауылдық өндірісін ашу керек. Оның 49 пайызы үкіметтің, 51 пайызы халықтың қолында болады. Ауылға жайдай жасай отырып, біз елге жағдай жасаймыз. Себебі ел дамыуында ауылдың рөлі өте жоғары», – дейді ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек ТҮГЕЛ.
Кездесу барысында жалпы өзінің тұғырнамасында басымдық берілген бағыттар жайында баяндап, көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берген үміткер ауылшаруашылығы өндірісін дамытып, жұмыссыздықты жоюды ұсынды. Оның айтуынша, бұл бастама қалаға сабылған ағайынның туған өлкесіне оралуына сеп болады. Сәдібек Түгелдің жас отбасыларды пайызсыз тұрғын үй несиесімен қамтамасыз етіп, көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақыны ұлғайту қажет деген ұсынысы да ауыл тұрғындарының көңілінен шықты.