Талдықорғанда көпбалалы ана босану кезінде қайтыс болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Талдықорғанда 29 жастағы көпбалалы ана босану кезінде қайтыс болды, деп жазады NewTimes.kz.
Қайғылы жағдай жайлы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған. 1990 жылғы әйел егіз баланы өмірге әкеп жатқанда қайтыс болып кеткен.
Бұл ақпаратты Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы растап отыр. Жүкті әйел ауруханада 2 апта ем қабылдапты.
«Әйел 15 күн бойы ауруханада ем алды. Босанар кезінде қан кетті. Содан соң жүрегі күтпеген жерден тоқтап қалды. Өкінішке қарай, дәрігерлер жас ананың өмірін сақтап қала алмады. Қазір қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр», - дейді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жас ананың артында 4 баласы қалды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10