Президент тапсырмасы: Қордайдағы Қарасу мен Өтеген ауылына газ тартылды

Президент тапсырмасы: Қордайдағы Қарасу мен Өтеген ауылына газ тартылды
85 мың жергілікті тұрғын көгілдір отынға қол жеткізеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қордай ауданына сапарында тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту керек деп тасыпма берген. Енді, міне, құрылғалы табиғи газ көрмеген елдімекендерге отынның осы түрі жеткізілді. Алдымен қамтылған қос ауыл халқының қуанышын Almaty.tv тілшісі Мерей Бает баяндасын.

Қордайдағы Қарасу мен Өтеген ауылдарының тұрғындары қыстыгүні көмір тасып әбігер болмайды. Себебі табиғи отын тұрғындардың үйіне дейін тартылды. Әрине, ауыл тіршілігінде табиғи газ, біраз тірлікті жеңілдетері белгілі. Сондықтан бұл іске ауылдағы ағайынның айтар алғысы ерекше.

Блиц:

– Міне, өмір бақи газ көрмеп едік. Мінеки, газымыз келді. Қуанып жатырмыз.  Елбасымызға рақмет бізге газ берген. Бердібек Сапарбаевқа рахмет. Мына сыртқа кеткен балаларымыз қайта келетін болды. Қуаныштымыз.

– Біз өте қуаныштымыз. Президентіміз Қасым Жомар Тоқаевқа, облыстағы өкілі – облыс әкіміне алғыс айтамыз. Енді бұрынғыдай қымбат көмір іздеп сабылмайтын болдық. Бұл біз үшін үлкен жеңілдік.

Жалпы қос ауыл бойынша 1251 тұрғын үй жыл соңына дейін көгілдір отынға қосылатын болады. Құрылыс жұмыстарымен айналысып жатқан мердігер ауылішілік желілерді тартуды аяқтаған.  Ендігісі, тұрғындармен келісімшарт  жасап, көгілдір отынды үйге кіргізу. Бұл жұмыстар басталып та кеткен. Аудан әкімі Рүстем Дәулеттің айтуынша, жергілікті кәсіркерлердің демеушілігімен көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға газ құбырын тартуға көмек көрсетілетін болады.

«Президентіміздің тікелей тапсырмасымен, үкіметіміз 10 елдімекенге газ жүргізу үшін 5,6 млрд теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде 73 шақырым газ құбырының 42 шақырымын, ҚазТрансГаз АҚ өз есебінен жүргізіп, қалған 31 шақырымын СМК-7  мекемесі жүргізді», – деді Қордай ауданының әкімі Рүстем Дәулет.

Жыл соңына дейін жоспар бойынша аудандағы 10 елдімекен жұрты жақсы жаңалықпен сүйіншіленеді. Бүгінде газ құбырын келтіретін құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталуға таяу. Соның есебінен ауданды газдандыру көлемі 29 пайыздан 85 пайызға өспек. Бұл дегеніміз  85 мың жергілікті тұрғын көгілдір отынға қол жеткізеді деген сөз.

Мерей Бает, Шыңғысхан Кеңесханғ «Алматы» арнасы,  Жамбыл облысы

Новости партнеров