Құс тұмауы: АШМ республикалық бюджеттен 3 млрд теңге бөлуді сұрады

almaty.tv
almaty.tv
Қазақстанда құс тұмауынан 873 900 құс қырылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда құс тұмауынан 873 900 құс қырылды. Бұл Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми мәліметі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Эпидемия жеті бірдей облысқа тараған. Індет салдарынан жойылған құстардың құнын өтеу үшін республикалық бюджеттен қосымша қаражат керек, дейді салалық ведомство басшысы. Айтуынша, карантинге қою және шектеу туралы қаулыларды жергілікті атқарушы органдарда бекіту үшін 5 күннен 15 күнге дейін уақыт кетеді. Ал бұл мерзім карантин қоюға және инфекция ошақтарын тоқтатуға мүмкіндік бермей отыр.

«Карантинге қою  және шектеу іс-шаралары туралы шешімді бекіту және тіркеу мерзімін 1 күнге дейін қысқарту қажет. Үшінші, жоғары патогенді құс тұмауы салдарынан алынған және жойылған құстардың құнын өтеу үшін республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз.  Төртінші,  ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалаудың ұлттық жүйесін құруға республикалық бюджеттен 3 млрд теңге бөлінуін сұраймыз», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

Новости партнеров